Мәскеуде ғашықтар күнінде әсемдік салонының директорына оқ атылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рублевский шоссесінде өз көлігінде оқ жарақатымен табылған әсемдік салонының директоры ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы Утро.ру хабарлады.
14 ақпанда күндіз Рублевский шоссесі бойындағы әсемдік салонында атыс естігені туралы тұрғындар хабарлады. Белгісіз біреу Chevrolet көлігінің рөлінде болған 45 жастағы салон директорына шамамен 5 оқ атқан.
Оқ атқан адам ізін суытты. Жапа шеккен директор түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мәскеудегі РФ ІІМ баспасөз қызметі жарақаттану фактісін растады.