13:42, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Мәскеуде Халықтар достығы университетінің студентін бауыздап кетті
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Мәскеуде белгісіз біреулер Халықтар достығы университетінің студентін бауыздап кетті. Жас жігіттің денесі сенбі, қыркүйектің 11-і күні табылды, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Студенттің денесі Севанская көшесіндегі №3 үйдің іргесіндегі гараждар маңынан табылған. Ресей Прокуратурасы жанындағы Тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша Тергеу басқармасының ресми өкілі Сергей Марченконың айтуынша, жігіт мойнынан пышақ жарақатын алған және сол жарақаттан көз жұмған.
РФ Қылмыстық кодексінің 105-ші бабы 1-ші тармағы бойынша (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Өлтірілген студенттің қай елдің азаматы екендігі туралы әзірге ақпарат жоқ.