Мәскеуде II Евразиялық экономикалық форум басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәскеуде ІІ Еуразиялық экономикалық форум жұмысын бастады. Іс-шараға әлемнің 50-ден астам елінің өкілдері қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәскеуде II Евразиялық экономикалық форум басталды

Форум мақсаты – еуразиялық кеңестіктегі кооперациялық байланыстарды жетілдіру. Іскерлік іс-шараның негізгі тақырыбы бизнес тарапының Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық процестерге қатысты ең өзекті әрі сұранысқа ие мәселелері болмақ. Биыл ЕЭФ «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» ұранымен өтеді.

ЕЭФ-тің іскерлік бағдарламасы 35 сесияны қамтиды. Олар «Адами капитал», «Технология және кооперация», «Құбылмалы әлемдегі ЕАЭО», «Еуразиялық түйіндестік», сонымен қатар «ЕАЭО-ның ішкі нарығы: кедендік ынтымақтастық, бәсекелестік және мемлекеттік сатып алу» сынды 7 тақырыптық бағытқа бөлінген. «Стратегиялық блок» аясында ЕАЭО—ның 2030+ стратегиясы талқыға түседі.

ЕЭФ-тің басты оқиғасы Мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін жалпы отырыс болмақ.

Форумға билік органдарының, бизнес қоғамдастықтардың халықаралық ұйымдар мен БАҚ-тың 2 700-ден астам өкілі қатысады деп күтіледі. Мұнан бөлек, форум іс-шараларына еуразиялық «бестік» өілдерінен бөлек ҚХР, ОАР, Өзбекстан, Никарагуа, Венесуэла, Индонезиядан спикерлер қатысады.

Форум 25 мамыр күні ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер көшбасшыларының қатысуымен өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысына орайластырылан.

Осы жолғы форум операторы – Росконгресс қоры. ЕЭФ-тің негізгі іс-шаралары 24-25 мамыр күндері «Олимп Холл» конгресс-көрме орталығында, ал жалпы отырыс «Зарядье» концерт залы аумағында өтеді.