14:49, 20 Сәуір 2011 | GMT +5
Мәскеуде Інжіл тиелген жүк көлігін ұрлап әкетті
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстігінде жаңа ғана баспадан шыққан Інжілді толтыра тиеген КамАЗ жүк көлігін белгісіз қылмыскерлер ұрлап әкетті.
Оқиға 18 сәуірде "Чертаново-Южное" ауданында болды, деп жазады "Лента.ру".
Жүк көлігінде баспаханадан қоймаға әкелінген 3888 дана Інжіл болған. Ұрланған мүлік Ресей Інжіл қоғамына тиесілі.
Бұл ұйым Ресейдегі Інжіл әдебиетiнiң ең iрi баспаханаларының бiрi болып табылады және қасиеттi кiтаптарды таратумен, оларды Ресей халқының тіліне аударумен шұғылданады.
Қоғам өкiлдерi аудандық IIБ-ге ұрланған зат туралы арыз жазды. Дәл қазiр «Камаз» iздестірілуде.