Мәскеуде ірі жол апаты орын алды: қаза болғандардың арасында Дағыстанның вице-премьері бар
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеудің Кутузов даңғылында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апатынан үш адам қаза болды, деп хабарлады РБК.
Қаза болғандардың арасында Дағыстан үкіметінің вице-премьері Гаджи Махачев пен оның жұбайы бар. Саясаткердің қызы аман қалды. Ақ Mercedes-тіГ.Махачевтің өзі жүргізіп келе жатқан. Белгісіз себептер бойынша автокөлік жолдың қарсы бетіне шығып, басқа көліктермен қақтығысып қалады.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр, апаттың себептері анықталуда.