Мәскеуде ішінде 6 адам бар лифт 19-қабаттан құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстік-шығысында Алтуфьевский тас жолының бойына орналасқан көп қабатты үйде жүк лифтісі құлап етті.
Бұл туралы "Рен ТВ" хабарлады.
19-ыншы қабаттан төмен түскен лифтінің ішінде алты адам болған. Екінші қабатқа жеткен сәтте сым арқан үзіліп кетіп, кабина жертөлеге құлады.
Алдын ала деректерге қарағанда, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.