Мәскеуде ішіндегі балаларымен бірге ұрланған көлік табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстік-шығысындағы Абрамцевская көшесінде салонында ұйықтап жатқан екі кішкентай баласымен ұрланған Land Rover автокөлігі сол жерден алыс емес жерден табылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ұры көлік ішіндегі балаларды көре салысымен көліктен түсіп қашып кеткен. Тәртіп сақшыларының сөзінше, балалар дін аман, ата-анасына тапсырылды. Күдікті іздестірілуде.