04:11, 22 Ақпан 2013 | GMT +5
Мәскеуде ислам өнерінің көрмесі ашылды
АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - «Марджани» қоры А.С.Пушкин атындағы бейнелеу өнерінің мемлекеттік мұражайымен бірігіп, IX-XIX ғасырлардағы ислам әлемінің классикалық өнерінің көрмесін ашты. «Көрмеге 99 жәдігер қойылған» деп хабарлады muslim.kz сайты «Комсомольская правда» газетіне сілтеме жасап..

Бастапқы кезде 100 жәдігер қойылмақшы болған, алайда, бір жәдігердің (ер-тоқым) нақты қай уақытта жасалғаны туралы дерек болмағандықтан, көрермендердің назарына ұсынылмайтын болды.
Кейбір жәдігерлерден қалжың сөздерді кездестіруге болады. Х ғасырға тиесілі қыш ыдыстан «Сараңдық - кедейліктің басы» деген жазуды оқуға болады.
Көне манускриптерге жарықтың зияны болатыны себепті, көрме өтіп жатқан залда жарық сөндірілген.
Көне жәдігерлерді осы көрмеде тамашалап қалмағандар, оларды үш жыл бойы көре алмайды. Техникалық қауіпсіздік ережесіне сәйкес жәдігерлер үш жыл «тынығуы» қажет.