Мәскеуде қарақшылар өзбекстандық кәсіпкердің 5 млн рублін тартып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде қарақшылар Өзбекстан бизнесменін тонап, 5 млн рубльден астам қаржысын тонап кетті, деп хабарлады ТАСС.
Кәсіпкерге белгісіз біреулер айналма жолдың 18-ші шақырымында шабуыл жасаған.
Ұрылар қасақана түрде саудагер мінген көлікке соғылған. Сосын оның көлігінің әйнегін шағып, тапаншамен қорқытып, ақша салған сөмкені алып кеткен.
Жапа шеккен Өзбекстан азаматы келтірілген залалдың жалпы сомасы 5 млн рубльден асатынын айтып отыр.