Мәскеуде қардың қалың түсуі салдарынан соңғы бірер сағатта 500-дей көлік соғысты
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде соңғы сағаттарда 500-ге жуық жол апаты тіркелді, бұл астана жолдарындағы күрделі жағдайды одан әрі қинындата түсуде, деп хабарлады ria.ru.
Бейсенбі Мәскеуде қалың қар жауды. Салдарынан көліктер кептеліске түсті. "Яндекс.Пробки" сервисі бірінші жарты күндіктің өзінде бірнеше жылдан бері алғаш рет орын алған он балдық кептелісті тіркеген. Қазір де астанада 10 балдық кептеліс орын алып тұр. «Ауа райының тосын мінезі жол апатының артуына да айтарлықтай әсер етті. Соңғы сағаттарда 500-ден астам жол апаты (олардың 45-і ауыр салдармен) тіркелді», - делінген хабарламада.