Мәскеуде кәсіпкер Вячеслав Иваньковқа (Япончик) қастандық жасалды

АСТАНА.  Шілденің  29-ы. ҚазАқпарат -  Мәскеудің   солтүстік-батысында белгісіз  біреу   кәсіпкер  Вячеслав Иваньковқа   қастандық  жасады.  Мамандардың   пайымдауынша,

Мәскеуде   кәсіпкер  Вячеслав Иваньковқа   (Япончик)  қастандық   жасалды

оқ  мергендер   винтовкасынан  атылған  сыңайлы,  деп   хабарлайды ҚазАқпарат  РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Мәскеу бойынша  Ішкі істер Бас басқармасының  ақпараты  бойынша,  қастандық   кеше кешке  В.Иваньков   мейрамханадан шығып  келе  жатқан  кезде    жасалған.

Алдын-ала мәліметтер  бойынша,       кәсіпкер  аман  қалған,  бірақ оның жағдайы    ауыр.     

Вячеслав Кириллович Иваньков  жұртшылыққа Япончик,  Японец,    Ассирийский зять, Иванец деген   лақап аттармен    таныс қылмыс әлемінің    танымал өкілдерінің  бірі.    Қылмыс әлеміндегі   жолын ол  1960 жылдары  Моңғолдың (Геннадий  Корьков)   бандасынан бастаған.