11:00, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
Мәскеуде Касперскийдің ұлын ұрлап әкетті
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Атақты антивирустың негізін салған Евгений Касперскийдің ұлын Мәскеуде ұрлап әкетті. Қаскүнемдер жас жігіттің өміріне €3 млн. көлемінде құн талап етуде.
Ұрылар 19 сәуірде таңертең Мәскеудің солтүстік батысындағы өндіріс аймағында Иван Касперскийді жұмысқа бара жатқан жерінен қолға түсіреді. Сол күні-ақ қылмыскерлер жас жігіттің әкесімен хабарласып, құн талап еткен. Евгений Касперский дереу Лондоннан Мәскеуге ұшып келді. Әзірге жас жігіттің қайда екені белгісіз. Милиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын бастады.
Иван ММУ-де есептеу математикасы және кибернетика факультетінің 4-ші курсында оқиды, өзінің дипломдық жұмысымен айналысып жүрген және астаналық компаниялардың бірінде жұмыс істеген, деп хабарлайды Life News.