12:17, 29 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Мәскеуде Катар елшілігі қызметінің көлігін тонап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Катар елшілігі қызметінің көлігі тоналды. Ұры «Фольксваген Тигуан» көлігінің терезесін сындырып, ақша мен құжаттар салынған портфельді ұрлап кеткен, деп хабарлады ifenews.ru.

29 желтоқсан күні дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Катар елшілігінің қызметкері полицияға Мәскеу орталығындағы тұраққа қойылған көлігін тонап кеткені жайлы хабарлаған. Оқиға Коровий Вал көшесіндегі дипломатиялық өкілдік ғимаратына жақын жерде орын алған. «LifeNews» деректеріне сәйкес, қаскүнем дипломатиялық нөмірдегі көлік терезесін сындырып, ақша, құжат салынған портфельді қолды еткен. Өтініш берушінің мәліметінше, онда құжаттардан бөлек, 70 мың рубльдей ақша болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.