Мәскеуде «Катюшаға» арналған ескерткіш бой көтереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зураб Церетелидің саябақтарға арналған еңбегі - "Катюша" әнінің басты кейіпкеріне арналған ескерткіш Мәскеудегі Строгино ауданындағы өзен жағалауына қойылады.

Мәскеуде «Катюшаға»  арналған ескерткіш бой көтереді

Оны орналастыру мәселесі кеше Мәскеу қалалық думасының монументальды өнер бойынша комиссия отырысында қаралды.

Қатысушылардың көбі Катюшаның визуалды образымен келіспеді. Кейбіреулері белгілі бір қыздың негізінде жасау керектігін, мәселен, әнді алғаш рет орындаған Валентина Батищеваны алуды ұсынды. Өзгелері бұған қарсы шықты.

Нәтижесінде комиссия мүшелері мүсінді Строгинодағы Москорецкий саябағының аумағына орналастыруға келісті. Алайда қатысушылар оның бейнесіне қарсы болып отыр.