Мәскеуде қауіптіліктің «сары деңгейі» жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат- 21 тамыз күні өрт қаупінің жоғары болуынан Мәскеу өңірі мен Орталық федералды округінің бірқатар өзге де субъектілерінде ауа райы қаупінің сары деңгейі енгізілді. Бұл туралы дүйсенбі күні РФ Гидрометорталығының сайтында жарияланды.
«Жіті қауіпті құбылыстардың деңгейі: сары түс- ауа райының ықтимал қаупін білдіреді», - деп жазылған хабарламада.
«Сары» - қауіптілігі бойынша бес деңгейдің үшіншісі. Жоғары температура мен өрт қаупі Мәскеу аймағынан басқа Белгород, Брянск, Владимир, Воронеж, Иванов, Калуга, Кострома, Курск, Липецк, Орлов, Рязань, Смоленск, Тамбов, Тверь, Тула және Ярославль облыстарында да болжануда.