Мәскеуде кавказдық азамат жанармай стансасында екі адамды бауыздап кетті

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Мәскеуде жанармай стансасында болған кикілжің кезінде екі адам қаза тауып, екеуі жарақат алды.

Мәскеуде кавказдық азамат жанармай стансасында екі адамды бауыздап кетті

"Ресей астанасының құқық қорғау органдары хабарлағандай, оқиға Бутырский вал, 2 мекенжайындағы жанармай құю стансасында орын алды", - деп жазады РБК.

Алдын ала мәлімет бойынша, станса қызметкерлері Кавказ тумасымен сөзге келіп қалады, нәтижесінде келуші пышағын суырып алып, көзіне түскендерді пышақтай бастаған.

Қылмыскер ізін суытып үлгерді. Тергеу жүріп жатыр.