Мәскеуде қазақ қыздарының сұлулық байқауы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде жыл сайын ұйымдастырылатын «Мәскеу көктемі-2014» бүкілресейлік ұлттық сұлулық байқауының финалы өтті, деп хабарлайды 24 kz.

Мәскеуде қазақ қыздарының сұлулық байқауы өтті

Оған тек Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер ғана емес, сонымен бірге, Ресейде тұратын қыздар да қатысты. Байқауға қатысушылар Қазақстан туралы, қазақ халқының салт-дәстүрінен білімдерін паш етті, оған қоса, салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы әдеттерден ада еместігін дәлелдеу керек болатын.

Қорытындысында 50 қатысушының ішінде «Мәскеу көктемі» титулына Алматы қаласынан келген студент Мөлдір Жүсіпова ие болды. «Бәріміз осындай байқауларды көрдік. Сұлулықтың әлемді құтқаратынын бәрі жақсы біледі. Өмірде маңызды үш нәрсе бар: сұлулық, махаббат және музыка. Олар біздің өмірімізді тамаша ете түседі», - деді «А-Студио» тобының жетекшісі, қазылар алқасының мүшесі Байғали Серкебаев.