Мәскеуде Қазақстан Республикасының Халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваның концерті өтті
МӘСКЕУ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қазақстан Республикасының Халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева П.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының Үлкен залында өз шығармашылығының 25 жылдығын концертпен атап өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Вокалды кеш Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен өтті. Ресейдің Е.Светланов атындағы мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өткен (дирижері Марк Гольштейн) концертте қазақтың халық әндері, Рахманинов, Римский-Корсаков, Гуно, Пуччини, Леонкавалло, Легар, Кальман, Дуаневскийлердің туындылары орындалды. Н.Үсенбаева ханым, Мәскеу консерваториясының қабырғасында өнер көрсету өзіндік емтихан болғанын, бұл концертке үлкен жауапкершілікпен дайындалғанын, себебі оның міндеті - Қазақстанның мәдениетін, отандық музыка өнерін таныстыру болғанын айтты.