Мәскеуде қазақстандық студенттердің «Атамекен» бірлестігінің тұсауы кесілді

СКЕУ. 31 қазан. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Өткен демалыс күндері Мәскеудің «Известия Холл» клубында жүздеген қазақстандық студентті жиналды.

Мәскеуде қазақстандық студенттердің «Атамекен» бірлестігінің тұсауы кесілді

Мерекелік шараның өткізілуіне екі оқиға себеп болды: оның бірі жуырда құрылған қазақстандық студенттердің «Атамекен» бірлестігі тұсауының кесілуі, сонымен қатар жоғары оқу орындарының табалдырығын жаңа аттағандар үшін «Бірінші курстықтар балы».

Кеш отандық және ресейлік эстрада, кино және өнер жұлдыздарының қатысуымен өткізілді.