10:34, 25 Наурыз 2013 | GMT +5
Мәскеуде көктемгі мереке - «Наурыз -2013» жоғары деңгейде атап өтілді
МӘСКЕУ. 25 наурыз. ҚазАқпарат - - Мәскеудегі «Россия» концерттік залында жалпықалалық мереке - «Наурыз - 2013» атап өтілді.

Бұл шараны Мәскеу үкіметінің қолдауымен РФ-да тіркелген елшіліктер, ұлттық-мәдени бірлестіктер ұйымдастырды.
Мерекеге орай арнайы келген ТМД елдерінің кәсіби шығармашылық ұжымдары қонақтарға қызықты концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Әсіресе, қазақстандық студенттердің «Сана» ансаблінің өнері жұртшылық көңілінен шықты.
Мереке аясында ұлттық салт-дәстүрлерден хабардар етер бұйымдар қойылған көрме-жәрмеңкелер ұйымдастырылды.