Мәскеуде «Коломенское» саябағында құмнан жасалған мүсіндер чемпионаты өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Коломенское» мұражай-қорығында құмнан жасалған мүсіндер бойынша «Ғажайып құм әлемі» чемпионаты өтеді, деп хабарлады Мәскеу мэрі мен үкіметінің сайтынан.
Фестиваль 30 сәуірде басталады. Бір апта бойы Ресей, Үндістан және Голландия мүсіншілері «Жануарлар әлемі», «Ертегілер әлемі», «Болашақ фантастикасы», «Бейбітшілік қаласы», «Су асты әлемі», «Белгілі тұлғалар», «Белгілі өнер туындылары», «Көне өркениеттер», «Адамдар әлемі», «Өзге планета әлемі» тақырыбында мүсін жасайды.
Аталып өтілгендей, мүсіншілер Ресейдегі ең биік құмнан жасалған сарай құруды жоспарлап отыр. Оның биіктігі сегіз метрді құрамақ.
Жоба алаңында балаларға арналған құм алаңы жасалады.