Мәскеуде қолына бір жарым жасар баласын ұстаған әйел 8-ші қабаттан құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде 8-ші қабаттан анасы мен сәбиі құлаған. Салдарынан әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Дәрігерлер баланы өлім аузынан аман алып қалуға тырысып жатыр.
Оқиға Мәскеудің солтүстік-батысындағы тұрғын үйде орын алды. Қолына бір жарым жастағы баласын ұстаған Татьяна А. 8-ші қабаттан құлаған.
Оқиға орнына жедел жәрдем жетіп, анасы мен сәбиін ауруханаға жеткізді.
Әйел жедел жәрдем көлігінде ажал құшты. Дәрігерлер баланы құтқару үшін қолынан келгенін жасауда. Нәрестені З.А. Башляева атындағы балаларға арналған қалалық клиникалық ауруханасына жеткізді.
Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп жаазды ресейлік БАҚ.