Мәскеуде көпқабатты үйде жарылыс болып, адамдар қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Мәскеудің оңтүстік-батысында генерал Тюленев көшесіндегі №39 тұрғын үйде жарылыс болып, арты өртке ұласты. Төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС.

Мәскеуде көпқабатты үйде жарылыс болып, адамдар қаза тапты
Фото: Илья Зорин/ ТАСС

Қаза тапқандар тоғызыншы қабаттың балконынан табылды.

Ресей ТЖМ мәліметінше, алты адам зардап шекті. Бір ересек адамның жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Олар төрт стационарға жеткізілді. Өртеніп жатқан пәтерден көршілер бір баланы құтқарды, ол пәтерде тұрғандар арасынан аман қалған жалғыз адам. 

Жарылыс ошағы тоғызыншы қабаттағы пәтерде болды. Өрт сегізінші және тоғызыншы қабаттардағы екі пәтерден шыққан. Бұл қабаттардың арасындағы жабын опырылған, сыртқы қабырғалары жоқ. 

Өрт аумағы 100 шаршы метр. 

Ғимарат тұрғындарының бір бөлігі эвакуацияланды, олар жақын жерде құрылған уақытша орналастыру пунктіне жіберіліп жатыр. «Мосгортранс» эвакуацияланған тұрғындарды жылыту үшін екі үлкен автобус жіберді. 

- Бұл үйде 1,5 жыл бұрын өрт болған, және өрттің шығуына себеп болған тұрғындармен сот ісі әлі де жалғасуда, – деп мәлімдеді үйдің бір тұрғыны.

Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Соңғы жаңалықтар