Мәскеуде ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауында дауыс беру аяқталды (ФОТО)
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде құрылған № 215 сайлау учаскесінде сағат: 20:00-де (Мәскеу уақытымен) ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауында дауыс беру аяқталды.
Бұл туралы №215-ші учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстанның Ресейдегі Кеңесші-Елшісі Виктор Темірбаев хабарлады.
В.Темірбаев бұған дейін Мәскеу қаласында алдын ала қорытынды бойынша, 1150 адам дауыс бергенін (алдын ала мәлімет бойынша сайлаушылардың 95 пайызы) айтқан болатын.
Қазір сайлау комиссиясының мүшелері дауыстарды санауға кірісті. Содан кейін, дауыс беру қорытындысы жарияланатын болады.