14:22, 19 Қаңтар 2011 | GMT +5
Мәскеуде Крещение түнінде мұз ойығына 57,5 мыңнан астам адам сүңгіп шықты
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Мәскеуде 2011 жылдың 18-19 қаңтарына қараған түнде Крещение мерекесін тойлау кезінде мұз ойықтарында шамамен 57 мың 580 адам шомылды, 2010 жылы оның саны 32 мың адам болған еді.

Мәскеу астанасының құқық қорғау органдарында хабарлағандай, мереке кезінде қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ, деп хабарлайды РБК.
Қаланың жұмыс істеп жатқан 105 православтық храмдары мен шіркеулерінде құдайға құлшылық ету және қасиетті суды тарату шарасы өткізілді, оған шамамен 30 мың 470 адам қатысты. 2010 жылдың сәйкес кезеңінде құдайға құлшылық ету рәсіміне шамамен 40 мың адам қатысқан еді.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1 мың 394 адам жұмылдырылды.