Мәскеуде Куәйттен келген дипломат жоғалып кетті

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Ресейдегі Куәйт елшілігінің өкілі Әльмансұр Мишааль Мансұр өзінің қызметкері жоғалып кеткені жайлы хабарлап, полицияға хабар берді, деп хабарлады Би-Би-Си.
None
None

Астананың құқық қорғау органдары хабарлап отырғандай, елшіліктің үшінші хатшысы Алокааб Салех Мұхаммед 17 сәуірге қараған түні жоғалып кетті. Соңғы рет оны өз көлігіне отырып жатқан кезде Арбат, 21 көшесінде көрген.

Дипломатиялық қызметкердің жоғалып кетуіне байланысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар