Мәскеуде құрылыс алаңында лифт құлап, 5 адам мерт болды

Мәскеудің солтүстік-батысында лифт құлап, 5 адам қаза болды. Бұл туралы жұма күні «Москва» агенттігінің тілшісіне төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөз мәлім етті, деп жазады lenta.ru.

Мәскеуде құрылыс алаңында лифт құлап, 5 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мерт болған 5 адамның мәйіттері Шеногина көшесіндегі құрылыс алаңында лифтінің құлауынан соң табылды»,-деді агенттіктің дереккөзі. Оқиға орнына төтенше жағдайлар саласының өкілдері шықты.

Риа Новости агенттігінің мәліметтерінше, қайғылы жағдай цемент зауытының әкімшілік ғимаратында болған.