Мәскеуде құтқарушылар РҒА институты кітапханасында шыққан өртпен 12 сағаттан бері арпалысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде құтқарушылар РҒА институтының кітапханасында шыққан өртпен күресіп жатқанынан 12 сағаттан асты, деп хабарлады ТАСС.

Мәскеуде құтқарушылар РҒА институты кітапханасында шыққан өртпен 12 сағаттан бері арпалысуда

«Нахимов даңғылындағы өрт әлі өшірілген жоқ», - деп хабарлады ТЖМ мәскеулік ММ баспасөз қызметінен.

Оқиға орнында өрт сөндіру-құтқару құрылымдары жұмыс жасауда. Өрттің шығу себебі мен келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.

«Бұл «Г» әріп пішініндегі үш қабатты мекеме. Жалын үшінші қабатта тұтанды. Ғимараттың көп бөлігін тілсіз жаудан құтқарудың сәті түсті Мекеменің жалын шарпыған аумағында не болғаны анықталуда», - деді ТЖМ мәскеулік ММ.

Өрт толығымен сөндірілген соң оның шығу себептері белгілі болмақ.

Бұл фундаменталды кітапхана 1918 жылы құрылған. Оның негізінде 1969 жылы институт ашылды. Мұнда 14 млн-нан астам кітап пен мерзімді басылымдар бар.