Мәскеуде қызымен бірге пойыз астына түскен әйел көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласындағы метроның "Молодежная" стансасында пойыздың астына түскен әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Мәскеуде қызымен бірге пойыз астына түскен әйел көз жұмды

Кәмелетке толмаған қыз бала комада жатыр, деген агенттіктің дереккөзі.

Оқиға күндіз орын алған. "Молодежная" стансасында әйел адам тоғыз жастағы қызымен бірге рельске құлаған. Зардап шегушілерді тікұшақпен ауруханаға жеткізген.

Тергеу комитеті кәмелетке толмаған балаға қастандық жасалды деген айыппен қылмыстық іс қозғады.