Мәскеуде лаңкестік әрекет жасамақ болған ер адам қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласының Преображенский соты ресейлік арнайы қызметтер ел астанасында Жеңіс күнін мерекелеу кезінде лаңкестік әрекет жасамақ болды деген айып таққан Айбек Саидовты қамауға алды.

Мәскеуде лаңкестік әрекет жасамақ болған ер адам қамауға алынды

«Сот қаулысы бойынша Айбек Саидовқа қатысты 3 шілдеге дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», - деп хабарлады Интерфакс агенттігіне соттың баспасөз хатшысы.

Қамауға алынған ер адам сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қастандық жасамақ болды және қаруды заңсыз сақтады деп айыпталып отыр.

Сәрсенбіде Ресей ФҚҚ қоғамдық байланыстар орталығы арнайы іс-қимылдарды жүргізу кезінде Мәскеуде Орталық Азия елдерінен шыққан бір топ азамат ұсталғаны туралы хабарлады.