Мәскеуде Мемлекеттік дума вице-спикерінің көмекшісін өлтіріп кетті

МӘСКЕУ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат – Мәскеуде Мемлекеттік дума вице-спикерінің көмекшісі Алексей Беляевты өлтіріп кетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарындағы дерек көздердің айтуынша, А.Беляевтің денесі кеше кешке өзінің пәтерінде табылған. «Милиция қызметкерлері тексеру кезінде оның денесінен көптеген пышақ жарақаттарын тапқан», дейді дереккөз. А.Беляев Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары Александр Бабаковтың ("Справедливая Россия" фракциясы) көмекшісі болған.
Соңғы жаңалықтар