Мәскеуде метро машинисі ұйықтап қалып, стансадан өтіп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеулік метрода машинист желіде пойыз қозғалысы уақытында кабинада отырып ұйықтап кеткен. Бұл оқиға 21 желтоқсанда Бутовский желісінде «Бульвар Адмирала Ушакова» стансасында болған.

  Мәскеуде метро машинисі ұйықтап қалып, стансадан өтіп кетті

Ұйықтап жатқан ер адам «бірінші вагонды тоқтату» белгісіне тоқтамай, тоннельге кіріп кеткен, содан кейін оны стоп-кранмен тоқтатуға тура келді. Бірінші вагон тоннельде қалды, одан адамдарды шығарып алу мүмкін болмады. Сөйтіп олар келесі стансадан бір-ақ шықты.

Белгілі болғандай, ұйықтап қалған машинист екі жылдан бері метрода жұмыс істейді. Бұл күні ол пойызды басқаруға таңертең 9-да отырған. Рейс алдындағы медициналық тексеру машинистің бойынан ешбір ауытқушылық байқамаған. Барлық көрсеткіш оң. Ер адам 5 сағат өткен соң ұйықтап кеткен.

Метрополитен басшылығы жағдайды талдап, машинист техникалық пайдалану қағидасын бұзды деген тұжырымға келді. Фото: Леонид Павлюченко/Дни.Ру