Мәскеуде мүгедектерге арналған алғашқы кинотеатр ашылды

МӘСКЕУ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат – Мәскеуде мүгедектерге арналған алғашқы кинотеатр ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап. Мәскеудің Оңтүстік округінде орналасқан «Ашғабад» кинотеатры қайта жаңартылғаннан кейін, мүмкіндіктері шектеулі көрермендерді, оның ішінде қоларбамен қозғалатын мүгедектерді де қабылдауға әзір. Ғимараттың кіреберісі арнайы көтергіштермен, ал ішкі орын-жайы лифтпен жабдықталған. Кинотеатрда барлығы 4 зал бар, олардың екеуі арбамен қозғалатын 48 мүгедекті қабылдай алады.
Соңғы жаңалықтар