Мәскеуде Мұрат Насыровты еске алу кеші өтеді

МӘСКЕУ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Әнші және композитор Мұрат Насыровтың достары мен әріптестері еске алу кешін өткізбек.
None
None
1990 жылдары танымал болған орындаушыны еске алуға арналған «Его история» кеші Мәскеудегі Халықаралық музыка үйінде өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Мұраттың арқасында, сонау алыс Австралиядағылар да, ұйғыр деген дарынды халықтың бар екенін білді. Музыкант алғаш рет Жас орындаушылардың «Ялта-1991» бүкілодақтық телеконкурсында көзге түсіп, өзінің бірегей стилімен көпшілікті тәнті еткен болатын. Еске алу кешіне ресейлік және шетелдік эстраданың жұлдыздары: Алена Апина, Диана Гурцкая, Марина Хлебникова, Николай Трубач, Павел Паскаль, Thomas N'evergreen, "А-студио" тобы, Дильназ Ахмадиева, "Отпетые мошенники тобы", Антон Макарский және Виктория Морозова, Батырхан Шүкенов, Андрей Косинский, "Шао?Бао!" тобы және т.б. қатысады.
Соңғы жаңалықтар