Мәскеуде «Наурыз банк Қазақстан» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы ұсталды - қаржы полициясы

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Мәскеуде «Наурыз банк Қазақстан» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы ұсталды.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, қызмет бабын пайдаланған, ұйымдасқан топ құрып, оны басқарған және 3,5 миллиард теңге ақша ұрлаған, сонымен бірге басқа да қылмыстар жасаған деген айыппен 2005 жылдың қазан айында халықаралық іздеу жарияланған «Наурыз банк Қазақстан» акционерлік қоғамы басқармасының бұрынғы төрағасы Оразалы Ержановтың Мәскеуде ұсталғаны туралы хабарды растайды», делінген ведомствоның хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынырақ Ержановтың сыбайластары - «Наурыз банк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Нұрым Дүсібалиев, осы банктің корпоративтік қатынастар департаментінің бұрынғы директоры Нұрғалым Өмірәлиев сот үкімімен дүние-мүліктері тәркіленіп, әрқайсысы 6 жылға сотталған болатын. Сонымен бірге осы қылмыстық іс бойынша Ержановтың екі жақын туысы - ағайынды Батырхан және Аман Нарбаевтар дүние-мүліктері тәркіленіп, 5 жылға кесілген еді.

«Қазіргі кезде Мәскеуде ұсталған Ержановты сотқа беру мақсатында Қазақстанға экстрадициялау шаралары жүзеге асырылуда», - деп хабарлады қаржы полициясының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар