Мәскеуде найзағай түскен жұмысшы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі таңертең Мәскеуде қатты күн күркіреп, салдарынан ер адамға жай түскен. Ол қаза тапты, деп хабарлады Ресей Тергеу комитетінің Мәскеудегі басқармасынан.
None
None

"Кременчугский көшесі ауданында ер адамның мерт болуы бойынша тексеріс өткізіледі", - деп хабарлады Интерфаксқа ведомство өкілі Юлия Иванова.

Кейін белгілі болғандай, жауын кезінде үш жұмысшы ағаштың түбіне тығылған. Ол ағашқа найзағай түсіп, жұмысшылардың біреуі қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар