Мәскеуде немересін жетектеген әйелді Chrysler маркалы көлігі қағып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдік маркалы көлік Мәскеудің оңтүстігінде немересімен бірге жолдан өтіп бара жатқан егде әйелді қағып кетті.
Мәскеу мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 27 қыркүйекте Подольских Курсантов көшесіндегі 34 үйдің маңында мәскеу уақытымен сағат 22:00 шамасында орын алған.
«Chrysler автомобилі жүргіншілердің өтпе жолында егде әйел мен оның 5 жасар немересін қаққан,-деп хабарлады ведомостводан. Жол апаты салдарынан әйел оқиға орнында мерт болды, бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қазір оқиғаның мән-жайы тексерілуде.