Мәскеуде Олимпиада алауы эстафетасы басталды

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ресей астанасында  мәскеу уақыты бойынша  12:00-де 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы  басталды.
None
None

Алау эстафетасы 123 күнге созылып, олимпиада факелі 65 мың шақырымдық жол жүріп өтетін болады әрі Ресейдің бүкіл аумағын қамтиды.

Шараға 14 мың алаугер мен Ресейдің әртүрлі өңірінен 30 мың ерікті қатысады деп күтілуде. Эстафета барысында Олимпиада алауы Солтүстік полюсте болып, Байкал көлінің көлінің түбіне де барып қайтады, тіпті Байқоңырдан ғарышқа да аттанады. Ұйымдастырушылардың бағалауынша, эстафета екі мыңнан астам елді мекенде болады.

Алау 2014 жылдың 7 ақпанында, Олимпиада ойындарының ашылу күнінде Сочиге жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар