20:50, 30 Қараша 2011 | GMT +5
Мәскеуде өрттің салдарынан мектепті қауіпсіз жерге көшіріп жатыр
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Өрт Мәскеудің солтүстік-шығысындағы №1414 мектепте орын алған. Оқушылар мен қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы қалалық ТЖМ басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жалын кабинеттердің бірінен шыққан. Оқушылар мен қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа көшіріп жатырмыз. Жалын шарпыған аумақ анықталып жатыр», - деді әңгімелесуші.