Мәскеуде полиция жасағына оқ атылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіге қараған түні Мәскеуде тонаушыны ұстау әрекеттенген полицейлерге белгісіз біреулер оқ атты, деп хабарлайды Росбалт.

 Мәскеуде полиция жасағына оқ атылды

«Түнгі сағат екінің кезінде 02 қызметіне азаматтардан тонаушылар туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту бойынша патруль келіп, оқиғаның мән-жайларын қарастыра бастады, жәбірленушілер күдікті адамды атады. Ер адамды ұстау кезінде жақын жерде тұрған күміс түсті шетелдік көліктен жолаушы шығып, полицейлерге қарай оқ жаудырған», - деп хабарлайды ІІМ астаналық МБ-ның баспасөз қызметінен.и

Шабуыл жасағандар мінген көлікке іздеу салынды, қалада «Ұстап алу» жоспары енгізілген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқ травматикалық қарудан атылған, абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.