Мәскеуде пранк жасағаны үшін сотталған қазақстандық блогер бостандыққа шықты

Мәскеудегі пранк жасағаны үшін сотталған қазақстандық блогер бостандыққа шықты
Фото: pixabay.com

Мәскеуде көлік ұрлығы пранкі үшін 3,5 жылға сотталған қазақстандық блогер Айдын Түсіпов бостандыққа шықты, деп хабарлайды Kazinform Ақмола облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Айдын Түсіпов 2023 жылғы 14 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша ҚАЖД №1 мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Тұрғылықты жері бойынша Қарағанды қаласына кетті», - деді Kazinform тілшісінің сауалына Ақмола облысы бойынша ҚАЖД баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Айта кетсек, 2021 жылы қазақстандық блогер Айдын Түсіпов Мәскеуде такси айдап әкету пранкін жасағаны үшін 3,5 жылға сотталған болатын.

Соңғы жаңалықтар