Мәскеуде «Рамазан шатыры» акциясы өтеді
МӘСКЕУ. 30 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеудегі Мемориалдық мешітте дәстүрлі «Рамазан шатыры» - мәскеуліктерді мұсылмандар мәдениеті және рамазан дәстүрлерімен таныстыратын қайырымдылық іс-шараның ашылуы өтеді.
«Рамазан шатыры» 31 шілде мен 7 тамыз аралығында барлық ниет білдірушілер үшін тегін жұмыс істейді. Ұйымдастырушылар мазмұнды мәдени бағдарлама, ардагерлермен, сондай-ақ, басқа конфессиялар өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлауда. Іс-шара шеңберінде Құранды мәнерлеп оқу сайысының іріктеу туры өтеді.
Сонымен қатар, «Шатыр» күмбезінің астында ұлттық бағдарламалар - Ресей және шетел республикаларының (Түркіменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Татарстан) күндері өтеді. Іс-шара 10 тамызда «Ораза-байрам» балалар мейрамымен аяқталады.
«Шатыр» жұмыс істеген барлық уақытта оны жеті мыңнан астам адам аралайды деп күтілуде. Іс-шараны ұйымдастырушы Ресей мүфтилері кеңесі және Мәскеу Үкіметінің қолдауымен Мәскеу қаласы Мұсылмандар діни басқармасы болып табылады.