Мәскеуде Ресейдің Мемлекеттік туы күні атап өтілді
МӘСКЕУ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Өткен сенбі күні Ресейде Мемлекеттік ту күні атап өтілді. Қазіргі көк-ақ-қызыл жолақты Ресей туы 1994 жылғы тамыздың 22-сінде мемлекеттік нышанға айналған.
Ол туралы Жарлыққа сол кездегі Ресей Президенті Борис Ельцин қол қойған. Алғаш рет бұл түстерді Ұлы Петр пайдаланған екен. Бұл алыс қашықтықтан көрінетін болғандықтан, белгі ретінде пайдаланылған. Кейіннен Бірінші Петр оны Әскери флот туы ретінде бекіткен. Содан соң ақ-көк-қызыл жолақты ту Ресей сауда флотының туы ретінде бекітіліп, сонымен бір мезгілде ол Ресей мемлекетінің нышанына айналды.
Мәскеуде бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен мерекелік бағдарлама дайындалды. Көптеген мәдениет мекемелерінде көрмелер жұмыс істеді, қала көшелері мен гүлзарларында мерекелік концерттер өтті.