Мәскеуде РФ Президенті Владимир Путинмен «тікелей байланыс» өтіп жатыр

МӘСКЕУ. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен «тікелей байланыс» өтіп жатыр.

Мәскеуде РФ Президенті Владимир Путинмен «тікелей байланыс» өтіп жатыр

Қабылдаулың ашылған сәтінен бастап 4 күн ішінде мемлекет басшысының атына телефон арқылы шамамен бір жарым миллион сұрақ, шамамен 300 мың сұрақ - смс арқылы, www.moskva-putinu.ru. интернет-сайтына - 188 мың сауал түсті. Ел және шетел азаматтарының сұрақтары «тікелей байланыс» аяқталғанға дейін қабылданатын болады.

РФ Президентімен алғашқы «тікелей байланыс» 2001жылы өткен. Бүгін В.Путинмен 11-ші тікелей эфир өткізіліп жатыр. Байланыс орталығының мәліметтері бойынша, сұрақтардың негізгі бөлігі әлеуметтік-экономикалық салаға - денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ және басқаларға қатысты. «Тікелей байланыста» В. Путин 2012 жылғы мамыр айында қабылданған жарлықтарының және сайлауалды бағдарламаларының орындалу барысына жалпы риза екендігін мәлімдеді.

Аймақтардан алғашқы сауалдар қатарында РФ Үкіметі жұмысының тиімділігі туралы мәселе көтерілді. В. Путин сұрақтарға жауап беріп, биліктің барлық деңгейлерінен талап қатаң болуы тиіс екеніне ерекше көңіл бөлді, алайда, жаңа министрлер кабинетінің құрылған сәтінен бастап әлі бір жыл өтпегенін және қызметтен кету туралы сұрақ қою ерте екенін атап айтты.

«Наразылық көп болуы мүмкін. Бірақ сондай кадрлық бейберекетсіздік керек пе?», - деп РФ басшысы үн қатты.

Президент сонымен қатар, студияда қатысып отырған бұрынңы қаржы министрі Алексей Кудринге (жекелеген сарапшылар оны министрлер кабинеті басшысының қызметіне орналасады деп болжайды) билікке оралу туралы ұсыныс жасағанын мәлім етті, алайда, А. Кудрин бас тартқан тәрізді.