Мәскеуде «Роскосмостың» бұрынғы директоры өлі күйінде табылды

  АСТАНА. ҚазАқпарат - «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бұрынғы директоры Владимир Евдокимов Мәскеудің тергеу оқшаулағышында өлі күйінде табылды.
None
None

«Владимир Евдокимовтың тергеу оқшаулағышының № 5 камерасында қайтыс болғаны расталды, алайда неден көз жұмғаны әзірге белгісіз», - деп хабарлады Мәскеу қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі Ева Меркачева.

РФ Тергеу комитеті мәскеулік тергеу басқармасы 1965 жылы туған ер адамның кеуде тұсында пышақ жарақаты барын анықтады. Аталған факті бойынша тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүруде және айыпталушы қазасының себептері анықталуда. Тергеу оқшаулағышының лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатаң баға берілді.

2016 жылдың желтоқсан айында Мәскеудің Басман аудандық соты аса ірі көлемдегі алаяқтық айыбы бойынша Евдокимов пен «Ғылыми-техникалық орталық» жабық АҚ бас директоры Александр Золинді тұтқындады. Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушылар  бақылаудағы және коммерциялық ұйымдар арқылы құны 200 миллион рубльден асатын «МиГ» Ресей ұшақ құрастыру корпорациясы» ҚАҚ мемлекеттік мүлкіне құқықтарды заңсыз иеленген.

Соңғы жаңалықтар