Мәскеуде Рублевский шоссесінде тоғыз көлікті өртеп жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде автотұрақтардың бірінде қасақана өрттеу салдарынан тоғыз көлік отқа оранды. Бұл туралы «Москва» қалалық жаңалықтар агенттігі құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға Рублев эстакадасында 48 үйдің маңында орын алды. Қаскөй мемлекеттік нөмірсіз бес спорттық машинаны өрттеген. Кейін от жақын маңда тұрған төрт көлікке ауды.
Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Құтқарушылар сегіз минуттың ішінде өртті ауыздықтады.
Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр. Полиция қаскөйді іздестіруде.