Мәскеуде шенеунік 6-шы қабаттан секіріп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде ер адам «Балчуг» қонақүйінің 6 қабатынан секіріп, мерт болды, деп жазады Интерфакс.

Мәскеуде шенеунік 6-шы қабаттан секіріп кетті

Ол өз өзіне қастандық жасамастан бұрын бір сағаттай уақыт терез жақтауында тұрған. Полиция қызметкерлері мен психологтар оны өлімнен сақтамақ болып, қанша тырысқанымен араша түсе алмады.

Мәскеу Ішкі істер басқармасының хабарлауынша, қайтыс болған 45 жастағы ер адам ғылыми-өндірістік мемлекеттік кәсіпорында лауазымды қызмет атқарған.