Мәскеуде шіркеу өртеніп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстігінде Маршал Савицкий көшесіндегі шіркеудің төбесі өртеніп жатыр, деп хабарлады ТАСС қаланың жедел қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап.
"Өрт Маршал Савицкий көшесіндегі Владимирский Шіркеуінің төбесінен шыққан», - дейді дереккөз.
«Шіркеудің төбесі мен үстіңгі жабындысы жанып жатыр»,- деп мәлім етті РФ ТЖМ Мәскеу қалалық бас басқармасының баспасөз қызметі.
«Бір қабатты ағаштан салынған нысанның жабындысы отқа оранды, оның аумағы 20 шаршы метр».
Тап қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.