Мәскеуде соққыға жығылған журналист Олег Кашин есін жиды
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Мәскеуде шабуыл жасалып, №36 қалалық аурухананың оңалту бөлімшесінде ес-түссіз жатқан «Коммерсантъ» газетінің тілшісі Олег Кашин бүгін есін жиды, бірақ ол әлі өкпені қолдан желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды РИА «Новости».
«Ол есін жиды. Көзін ашады, бірақ әлі күнге дейін аппаратқа қосылған. Қазір дәрігерлер оны өкпені қолдан желдету аппаратынан алып тастауға тырысуда», деп хабарлады ақпарат агенттігіне ауруханадағы ақпарат көзі.