Мәскеуде «Спартак» пен ЦСКА клубтарының жанкүйерлері «жекпе-жекке» шықты

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Мәскеуде «Спартак» және ЦСКА клубтарының жанкүйерлерінің арасында қып-қызыл төбелес болды.

Мәскеуде  «Спартак» пен ЦСКА клубтарының    жанкүйерлері    «жекпе-жекке»  шықты

Мәскеулік спорт барларының бірінде болған бұл «жекпе-жекке» 200-дей адам қатысты, деп хабарлайды Utro.ru сайты. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер бар, олардың кейбіреулері ауруханаға жеткізілген.